06
май
2025
БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.


БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.2025 жылғы 5 мамыр күні "А. Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп директоры Примбекова Нуржамал Конысбековна бастаған мектеп ұжымы көп жыл білім беру саласында аянбай еңбек еткен ардагер ұстазымыз Лукина Вера Георгиевна апайдың шаңырағына барып, құрмет көрсетті.Ардагер ұстазымызға алғыс білдіріп, шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі мен ұстаздық жолдағы адалдығын атап өтті. Ұстаз – мәңгілік мәртебе! Осындай абыройлы жолды таңдаған ардагерлерге құрмет көрсету – біздің борышымыз. Ардагер ұстаздарымыздың әрбір еңбегі, шәкірттерінің жүрегінде қалдырған ізі – ұлт болашағына қосылған өлшеусіз үлес.
Теги:
123