Примбекова Нуржамал Кунисбековна

Примбекова Нуржамал Кунисбековна , 1971 жылы 23-қыркүйекте Шымкент облысы Жетісай ауданы Ленин совхозында дүниеге келген.
1978-1988 жылдар арасында Н.К.Крупская атындағы орта мектепте оқып, бітірген.
1988-1993 жылдар арасында Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институның филология факультетін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітірген.
1993-1996 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданының Т.Қауымбаев атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.
1996-2004 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Б.Соқпақбаев (бұрынғы Қ.Сәтбаев) атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі , 2004-2006 жылдар аралығында педагог-психолог, 2006-20017жылдар аралығында мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, 2017-2024 жылдың желтоқсан айына дейін мектеп директоры болып қызмет атқапрған.
2024 жылдың 5-желтоқсанына бері Мақтаарал ауданының білім бөлімінің «А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне ауысты.