16
сентябрь
2022
" Тіл мәртебесі- ел мәртебесі" тақырыбында мектепішілік он күндік іс-шара үш тілде өз деңгейінде өтті.
"А.Пушкин атындағы №3 жалпы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүйелі жоспар негізінде тілдер мерекесімен қатар "Ұлттық рухани көсемі"- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай " Тіл мәртебесі- ел мәртебесі" тақырыбында мектепішілік он күндік іс-шара үш тілде өз деңгейінде өтті.
Он күндіктің аясында "Тіл мәртебесі-ел мәртебесі" ашылу салтанаты, " Ұлттың рухани көсемі" көрме, "Ахмет және ұлт бейнесі" эссе байқауы, "Ахмет Байтұрсынұлы- сөз көсемі" танымдық сабақ, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің жетекшіліктерімен "Сиқырлы поэзия әдеби кеш", "Әлемдік кеңістегі Ахмет" сыныптан тыс тәрбие сағаттары жоғары деңгейде өтті.
Сонымен қатар " Ахмет Байтұрсынұлы- ұлт ұстазы" интеллектуалдық сабақ, "Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!", дөңгелек үстел, "Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми- лингвистикалық мұрасы ашық сабақ, " Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың ұлы ұстазы" челлендж,
"Алаштың алыбы" жас ақындар сайысы,қосымша білім беру педагогы Осбанова Тұрсынай Ахметжанованың жетекшілігімен сурет салу байқауы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен он күндік іс-шаралар жүйелі түрде өтті. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі И.А.Кимнің жетекшілігімен " Книжное царство- мудрое государство" поэзия кеші өтті.
" Тіл мәртебесі- ел мәртебесі" тақырыбында он күндік іс-шара қорытындыланып, белсенді қатысқан оқушылар әкімшілік тарапынан марапатталды.