Бүгін мектебімізде 9 және 11-сынып оқушыларына аттестат табыстау салтанаты өтті! Бұл – жылдар бойы төгілген тер мен еңбектің, ұстаздар мен ата-аналардың үмітінің ақталған сәті.

Ерекше қуанышпен айта кетер жайт — биылғы оқу жылында бірнеше түлек “Алтын белгі” иегері атанды! Олар өздерінің үздік үлгерімімен, білімге деген ынтасымен өзгелерге үлгі бола білді. Олар: Жұмабек Ерболат, Өсербаева Нұргүл, Шеңгелбаева Құралай.

Барша түлектерімізді, Үздік аттестат , “Алтын белгі” төсбелгісін кеудесіне таққан озаттарымызды, шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың, төзім мен жауапкершіліктің жемісі.

Салтанатты кеште жылы лебіздер айтылып, естелік суреттерге түсіп, ұстаз бен шәкірт арасындағы ұмытылмас сәттерге куә болдық.

Құрметті түлектер, алдарыңыздан ашылған жаңа өмір парақтары тек жақсылықтарға толы болсын! Армандарыңыз орындалып, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!