11
август
2025
Ата-аналар жиналысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "А. Пушкин атындағы №3 жалпы орта мектебі" КММ-де 29.05.2023 жылы 17:00-17:45 аралығында 1-4 сыныптар, 18:00-19:00 аралығында 5-11 сыныптар ата-аналары үшін 4 - тоқсанды аяқтап,оқу жылын қорытындылау бойынша жалпы мектепішілік Ата-аналар жиналысы болып өтті.Күн тәртібіндегі көтерілген мәселелер:1. «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы туралы;2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы;
3. Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен шаралары (жол, өмір, егін алқаптарындағы және суда шомылу қауіпсіздігі) туралы;
4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы;(ата-аналар мен оқушылардан, мұғалімдерден қандай да бір шараны өткізу үшін ақша жинамау)
5. Әр-түрлі мәселелер.(Оқу жылының ұзақтығы, кітап тапсыру,мектеп формасы т.б)
Жиын барысында:
2022-2023 оқу жылында
«Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы 2023 жылдың 01 маусым күні таңертеңгі сағат 08:30 - 09:30 аралығында мектеп ауласында ,ашық аспан аясында,санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетінін ескертті.
«Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасын өткізу барысында төмендегі тыйымдардың алдын алу мен жауапкершіліктер жүктелгендігі туралы айтылды:
Мерекелік іс-шара кезінде, сондай-ақ:
- іс-шара өткізуге аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға;
- соңғы қоңырау, бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл-көтеретін мекемелерде өткізуге тыйым салу, мерекені мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге болмайтындығы;
- бітіруші түлектердің автокөліктерде шерулер, көлік кортежін ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынатыны;
- балалардың өмір және денсаулық қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету;
- түрлі отшашулар жасауға қатаң тыйым салынғанын;
- ұшатын дрондар, мобилографтар және аниматорлық кейіпкерлер шақыруға
- мектеп бітірушілері мен олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерін іс-шаралар барысында өздерін ұстау тәртібімен, жауапкершіліктері таныстырылды.
Сонымен қатар жиын барысында оқушылар мен жауапкер ата-аналары не заңды өкілдерінің қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша да қатаң түрде ескертіліп айтылды.
1 маусым-«Соңғы қоңырау» мерекесі күні 9-11 сынып оқушылар салтанатты жиынға тек мектеп формасымен қатысатыны түсіндірілді.
«Соңғы қоңырау» мерекесі барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп ұжымы мен ата-аналардың бірге қадағалауы арқылы:
- жалпы тәртіпті сақтау;
- басқаларға қауіп төндіретін және төтенше жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу;
- іс-шаралар аяқталғаннан кейін ғимараттан ұйымдасқан түрде шығу, балалардың өз үйінде, ата-аналарымен бірге болуын жүзеге асыру;
- балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапты әкімшіліктің, полицияның және білім мекемесінде құрылатын мобилді топтың нұсқауларына сәйкес әрекет ету, тиісті тұлғалардың заңды ескертулері мен талаптарын орындау керектігі түсіндірілді.
Жазғы демалыс маусымындағы балалардың қауіпсіздігіне ең бірінші ата-ана мен олардың заңды өкілдері жауапкершілікте болатындығын атап айтты. Жазғы демалыста оқушылардың қауіпсіздігі туралы жол, өмір, суда шомылу,(канал,өзен,арықтар) егін алқаптарындағы қауіпсіздіктерін қатаң сақтау керек. Тыйым салынған аймақтарда, ата-аналардың бақылауынсыз,қадағалауынсыз шомылуға рұқсат жоқтығы ескертілді.
Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сыбайластық жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға:
- салтанатты дастархан ұйымдастыруға;
- мектеп басшылары мен педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол бермеу керектігі айтылды.
- мектеп бітірушілері мен олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен заңсыз ақша жиналуына тыйым салынатынын нақты айтып, мектеп директорының м.у.а Н.О.Ирзаева оқу жылын сәтті аяқтайық деп жиналысты қорытындылады.