26 мамыр – “Балдәурен” жазғы лагері ашылды
2025 жылдың 26 мамыр күні мектебімізде мектеп жанындағы “Балдәурен” жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Лагерьдің ашылу салтанатын мектеп басшысы Н.К.Примбекова және ДОІЖО Н.О. Ирзаева құттықтау сөзімен ашып, көтеріңкі көңіл күймен, балалардың ән-күйімен, ойындарымен өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Ашылу күні оқушылар үшін таңғы жаттығу ұйымдастырылып, белсенді қозғалыс