26
май
2025
26 мамыр – “Балдәурен” жазғы лагері ашылды


2025 жылдың 26 мамыр күні мектебімізде мектеп жанындағы “Балдәурен” жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Лагерьдің ашылу салтанатын мектеп басшысы Н.К.Примбекова және ДОІЖО Н.О. Ирзаева құттықтау сөзімен ашып, көтеріңкі көңіл күймен, балалардың ән-күйімен, ойындарымен өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Ашылу күні оқушылар үшін таңғы жаттығу ұйымдастырылып, белсенді қозғалыс арқылы олардың сергектігі мен көңіл күйлері артты. Сонымен қатар, барлық қатысушы балаларға арнап ыстық тамақпен қамтамасыз ету жолға қойылды. Тамақтану санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылып, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес арнайы мәзірмен жүзеге асырылды.
“Балдәурен” лагеріндегі алғашқы күн мазмұнды әрі қызықты өтті. Мұндай демалыс орындары балалардың денсаулығын жақсартуға, достық қарым-қатынас орнатуға және жазғы уақытты тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.