10
июнь
2025
Кітаптар күні
Бүгін біздің жазғы лагерьдің балалары орталық кітапханаға ерекше экскурсия жасап қайтты.
Балалар кітап әлемімен танысып, кітапхана қызметкерлерінен қызықты мәліметтер естіп, түрлі әдеби ойындарға қатысты. 
Мақсат – оқуға деген қызығушылықты арттырып, кітаптың құдіретін сезіндіру. Балалардың жүзіндегі күлкі мен қызығушылық олардың бұл күннен ерекше әсер алғанын көрсетті. 

Осындай іс-шаралар балалардың ой-өрісін кеңейтіп, жазғы демалысты пайдалы әрі қызықты өткізуге мүмкіндік береді. 