25
май
2022
25.05.2022ж СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Мақтаарал ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "А.Пушкин атындағы №3 ЖОМ" КММ-де Салтанатты соңғы қоңырау мерекесі болып өтті.
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып келген бүлдіршіндеріміз бүгін мектеп қабырғасында оңы мен солын танып, білім нәрімен сусындап, бозбала мен бойжеткенге айналып, мектебімізден түлеп ұшып барады.⚘️🎉
Соңғы қоңырау мерекесіне арнайы келген қонақтарымыз: Мақтаарал аудандық әжелер кеңесінің төрайымы: Құрбанбаева Шахзада Оразбаевна, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары: Алтын Күнтуқызы, Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Асанхан Аманқұлұлы. Мақтаарал ауданы мәслихат депутаты: Кенжебаев Сүндет Қахраманұлы, мектебіміздің директоры Оракбаева Гульмира Ортаевна және ата-аналар бітіруші түлектерді мерекелерімен құттықтап, ыстық тілектері мен лебіздерін білдірді.⚘️🎉 Түлектерімізге сәтті сапар тілей отырып, ЕНТ-де жақсы нәтиже көрсетіп, таңдаған мамандықтардың иесі бола берулеріне ақ жол, сәт сапар тілейміз!